Қызылордада бір ауыз сөз 60 жастағы ер адамды сотқа әкелді

2 618

Фото: GhatGPT көмегімен жасалдыҚызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне тағы бір сотталған азамат алынған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ол сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен 4 жыл 6 ай мерзімге айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, жазаны шартты деп есептеп, пробациялық бақылауға алынған.

Есептегі азамат оқиғанын қалай болғанын айтып берген.

Таныстарыммен бірге ішімдік ішкен болатынбыз. Ішкен адамның жағдайы белгілі ғой, арамызда ерегіс туындады. Қатты ашуға булығып, бір-бірімізге қол жұмсадық. Мас болғаным сонша, айтқан сөздерін көтере алмадым. Қайтыс болған анама тіл тигізгені үшін мен де қарап қалмадым, - дейді пробация есебіндегі азамат.

 Ер адам бүгінде жасаған ісіне қатты өкінетінін жеткізген.

Қазір өзімді ұстай алмағаныма қатты өкінемін. Мен көпбалалы әкемін, балаларымды ойлаймын. Түзеліп, оларға дұрыс тәрбие беруім керек. Ішімдіктің опа бермейтінін өз басымнан өткеріп отырмын. Жасым 60-қа таяғанда істі болғаныма қатты қынжыламын. Барша азаматтарға айтарым – ішімдікке жоламаңыздар. Бір сәттік ашу бүкіл өміріңізге кесірін тигізуі мүмкін, - деп өкінішін білдірді ол.

Қазіргі таңда қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден аса сотталған есепте тұрады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.