Жағдай күрделене түсті

293
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2077 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 248 931-ге жетіп отыр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 427, 
Алматы қаласы - 595, 
Шымкент қаласы - 96, 
Ақмола облысы - 50,
 Ақтөбе облысы - 127, 
Алматы облысы - 239, 
Атырау облысы - 103, 
Шығыс Қазақстан облысы - 41,
 Жамбыл облысы - 18, 
Батыс Қазақстан облысы - 104, 
Қарағанды облысы - 144, 
Қостанай облысы - 36, 
Қызылорда облысы - 27, 
Маңғыстау облысы - 22,
 Павлодар облысы - 21, 
Солтүстік Қазақстан облысы - 5, 
Түркістан облысы - 22. 

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы еліміздегі мониторинг топтарының жұмысын сынның астына алды. 
"Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді", - деді президент. 

Одан бөлек, кеше денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың үш сценарийін айтты.