Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді

2 535

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып биылғы жылдың 10 айында 9 568 қару иелерiнiң аңшы қаруын сақтау заңдылығын тексерді. 


Аталған шара барысында азаматтық қаруды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегі бойынша барлығы 348 құқық бұзушылық анықталды. 


«Заңсыз айналымнан 122 дана қару тәркіленді. Одан бөлек, облыс көлемінде азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласы бойынша «Е-лицензиялау» электрондық жүйесі арқылы 4 630 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсат берілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.