Қызылордада көшедегі 38 шамды сындырып тастағандар ұсталды

2 525

Қызылордада жасөспірімдер еш себепсіз көшедегі 38 шамды сындырып тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


18 қазанда таңғы алты шамасында жергілікті тұрғыннан сол жағалаудағы және мектептің жарық бағаналарын белгісіз біреулер сындырып кеткен туралы хабарлама түскен.


Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, бұзақыларды анықтау үшін іздестіру жүргізген. Нәтижесінде сол қылмысқа қатысы бар екі жасөспірім анықталды.


Бұл қылмысқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.


Ұсталған жасөспірімдер істеген ісіне өкінетінін жеткізген.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.