Облыстың экс-әкімі Ысқақовтың жазасы жеңілдемек

361

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасы 15 күн ішінде жеңілдейді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қызылорда соты облысымыздың экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасының қалған бөлігін бас бостандығынан айыру түрінен шектеу түріне ауыстырылды. Алайда, қаулы 15 күнде күшіне енбек. Бұл туралы экс-әкімнің қорғаушысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын:

 «Енді түрмеде емес, отбасының қасында болады. Жазасының қалған бөлігін енді үйінде жүріп өтейді. Пробациялық бақылауда болады. Толық ақтамаса да, осының өзі күні-түні ұлының тілеуін тілеп, дүғасынан, намазынан тастамай отырған 86 жастағы анасы үшін, жары, бауырлары, балалары үшін – дәтке қуат,» – деді адвокат Ляззат Ахатова.

Жақсы жаңалықты жұртшылыққа жариялаған қорғаушысының жазбасына түрлі құттықтаулар түсіп жатыр. Солардың бірі:

«Жақсы жаңалық! 86 жастағы анасының дұғасы қабыл болған екен»,

-десе, енді бірі

«Бір айта кететіні Қуанышбек Искаков өткенде мерекелік амнистиядан бас тартты. "Егер амнистияға келіссем, онда қылмысты мойындағаным, ал мен тағылған айыпты мойындамаймын, қолым да, арым да таза", амнистия -қылмысты мойындау, деп, үзілді-кесілді келіспеген. Бұл да Ерлік»,- дейді Айткүл Шалғынбаева

Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда қалалық 2-сотында Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкімі жарияланып, жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын. Жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуге мәжбүр болған экс-әкім мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылған еді.

Десе де мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты "ірі көлемдегі алаяқтық" үшін кінәлі деп тануды сұрап, экс-әкімге Арыс қаласына бөлінген қайырымдылық қорының 80 миллион теңгесін қолды қылды деген айып тағылған болатын.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.