Қызылордада 242 жасөспірім ойын - сауық орталықтарында ұсталды
28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда облысында республикалық «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлағандай, осы үш күнде 320 әкімшілік хаттама рәсімделген. Кәмелетке толмаған 14 адам ішкі істер органдарының есебіне алынып, қадағалаусыз және панасыз қалған 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылған.
Одан бөлек 19 ата-ана кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндетін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің профилактикалық есебіне алынған.







