Қызылордалық мұғалімдер Түркияның трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығарылды

3 060

Қысқы демалыста Түркияда демалған қызылордалық екі мұғалімнің басы дауға қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Педагогтар шетелде бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетіне ата-аналар шамданып, олардың мектептен кетуін талап етті.


Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарған. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған. 


"Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің "магистр" атағы бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқылап, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Олар тек ұстаз  емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды", – деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.