СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ШӘКІРТІН ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ ЗОРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

2 566

Фото: Видеодан скринҚызылорда облысы Сырдария ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасалды деген күдікпен 38 жастағы көгалдағы хоккей жаттықтырушысы мен оның танысы қамауға алынды. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оны ұйықтатын дәрімен есінен танытып зорлап, бейнежазбамен бопсалау арқылы екі жыл бойы қорлап келген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның басы 2024 жылы Талдықорғанда өткен жарыс кезінде басталған. Сол кезде 14 жастағы жасөспірімді жаттықтырушысы ішімдікке немесе сусынға дәрі қосу арқылы ес-түссіз күйге түсіріп, қылмыстық әрекетке барған. Кейіннен қылмыскер қызды бейнежазбаны таратамын деп қорқытып, отбасына айтқызбай, екі жыл бойы жеке басының ырқына бағындырған. Тіпті жасөспірімді ақша үшін өз таныстарына беріп отырған деген де ауыр айып тағылуда.

Шындықтың беті ашылған соң, жәбірленушінің жақындары мен күдікті арасында жанжал туындап, қазіргі уақытта қыздың анасы мен ағасының үстінен де қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда ағасы изоляторда, ал анасы үй қамағында отыр. Жәбірленушінің туыстары өз әрекеттерін қызын қорғаудан туған амалсыздық деп түсіндіруде.

Істің ерекше ауырлығына байланысты тергеуді облыстық полиция департаменті жүргізді. Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Сәулебековтің хабарлауынша, екі күдікті де ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысуда. Жәбірленуші тарап айыпталушылардың заң аясында ең қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.