Темір жол асты өткелінің күрделі жөндеу жұмыстары жүйеленді

2 366

Фото: https://zhanaqorgan-tynysy.kz/ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Жаңақорған ауданындағы сапары барысында Хорасан Ата мен А.Иманов көшесі қиылысындағы темір жол асты өткеліне жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Темір жол асты өткелі 1906 жылы салынған. Бүгінге дейін ешқандай күрделі жөндеу көрмеген. Ағымдағы жылы ауданы әкімі бастамасымен «Аңсар строй» ЖШС – нің демеушілігімен өткел гранит таспен қапталып, күрделі жөндеу жүргізілген. Сондай-ақ кент кәсіпкерлері демеушілігімен өткел жанына «I LOVE JANAQORGAN» белгісі орнатылып, кешке жарық беріп, кент ажарын ашып тұратын келбеті келісті орынға айналған. Бұдан бөлек те ауданда инфрақұрылымды дамытып, мәдени көркін арттыруға бағытында үлкен жобалар іске асқан.

ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов , “Amanat” партиясының тізімімен сайланған , Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.