Қызылордада ардагерлеріне қолдау күшейтілді

2 624

Фото: ©Жасанды интеллектҚызылорда облысында Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға берілетін бірреттік төлем артты,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы 4 жылда оның көлемі 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге, ал биыл 5,5 млн теңгеге өскен.

Соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін: бұрынғы КСР Одағының орден, медальдарын иеленгендерге - 60 

1941-1945 жылдары соғыс кезеңінде кемінде 6 ай қызмет өткерген тыл ардагерлеріне, тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының орден-медальдарымен марапатталған адамдарға - 50,

 Соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) ардагерлерге, соғыс кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқандарға, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтарға, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайларына, Чернобыль апаты мен Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарды жоюға, басқа мемлекеттердің аумағындағы, оның ішінде Тәжік-Ауған учаскесіндегі әскери іс-қимылдарға, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) қатысқандарға, Ардагерлер туралы заң күші қолданылатын (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайлары) басқа адамдарға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 216 250 теңгеден төленеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Қызылордада соғыс уақытында тылда бел жазбай еңбек еткен 1331 адам бар.