Қызылордада талапкерлер мен педагогтерге тестілеуден жоғары балл алып бергендер ұсталды

1 202

Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында Ұлттық бірыңғай тестілеу мен педагогтердің білімін бағалауға заңсыз араласқандар ұсталды, - деп хабарлайы "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Күдіктілер үшін серверлік жабдықтар мен басқа да ақпараттық ресурстар қолжетімді болған.


"Күдіктілер арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың компьютерлеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақы үшін оларға тестен жоғары балл алуға жәрдемдескен", - дейді ведомство.


19 шілдеде 3 негізгі күдікті ұсталды. Тінту кезінде қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.


"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 207-бабы "Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу" және 210-бабы "Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ҰҚК баспасөз қызметі.


Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыс жасаған 6 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан.