Қызылордада бөлім басшысы қамауда болғанын жасыру үшін жалған құжат жасаған

2 825

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚызылорда облысында жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдаланған қызметкер мен дәрігерге қатысты сот үкімі шықты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

 Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықталған. Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынған. Мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған.

"Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны белгілі болды. Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.

Соттың үкімімен аудандық аурухана дәрігері жалған құжат дайындағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. Сот үкімі заңды күшіне енбек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.