ДСМ: Қазақстан үш аптадан бері «қызыл аймақта»

209
Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, еліміз 26 маусымнан бері «қызыл аймақта» тұр.
Сондай-ақ ведомство басшысы 14 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 466 792 науқас тіркелген. Ал симптомсыз 58 086 жағдайы анықталған. «Қызыл аймаққа» еліміздің 13 өңірі: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары еніп отыр. «Сары аймақта» Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстары тұр. Ал екі өңір – Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл аймақта». Әлемде коронавирустың «дельта» штамының таралуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-бен ауырғандар арасында оң зертханалық үлгілерге ПТР сынамасын жүргізді. 1 шілдеде үнділік штамды анықтау үшін 414 сынамаға ПТР скрининг жасалды. Нәтижесінде үнділік штамм еліміздің барлық облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында анықталды, - деді Роза Қожапова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.