Байқоңырда бас есепші 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының 2022-2024 жыл аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінен кейін мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аталған факті бойынша Байқоңыр қаласы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, істі сотқа жолдады.
Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.







