Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына компьютерлік томография аппараты алынды

2 214

Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына оФото: Қызылорда облыс әкімдігіблыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес 405 млн.теңгенiң компьютерлік томография аппараты алынды. Жаңа жабдық халыққа сапалы медициналық көмек көрсету жұмысын жандандыра түспек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасындағы компьютерлік томография аппараты кабинетiнiң ашылуына қатысып, ұжымға тілектестік білдірді.

Аурухананың бас дәрігерi Сұлтан Кенжебаев пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғарылатудағы жұмыстарды, алдағы жоспарларды атап өтті.

Айта кету керек, өткен жылы аурухананың материалдық- техникалық базасын нығайту мақсатында 300,0 млн.теңгеге 1 сандық- маммографиялық жүйе, 1 стационарлық- цифрлық рентгендік флюорография, 10 науқас мониторы, 1ЛОР комбайн, 10 дефибрилятор, 1 анестезиялық тыныс алу аппараты, 2 функционалды керуерт сатып алынды. Оған қоса құны 98,0 млн.теңге болатын 5 санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді.

Жаңадан іске қосылған аппараттар ауруды ерте анықтау, емдеу ісіне тың серпін беріп, қызмет сапасын жақсартады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.