Қызылордада балабақшадағы балалар еденде ұйықтауға мәжбүр

1 552

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы балабақша бүлдіршіндері орын тапшылығынан еденге жатуға мәжбүр, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы балабақшада бүлдіршіндердің орын тапшылығынан еденде жатуға мәжбүр болғаны жөнінде айтылып, суреттері жарияланған. Сондай-ақ, суретте сәбилердің бір адамдық орында екі-үшеуден жатқанын көруге болады


Бұған байланысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.


«Қызылорда облысының білім басқармасы аталмыш мәселеге қатысты төмендегіні мәлімдейді. Облыстық білім басқармасы бүгінде арнайы жұмысшы тобын құрып, аудандағы балабақшаға зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Аталған зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті құзырлы органдарға ұсынылып, заң аясында шешімдер қабылданады», - деп жазылған басқарма хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.