Шиеліде мектеп оқушысы ер адамға пышақпен шабуыл жасаған

2 538

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысының Шиелі ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім жергілікті тұрғынға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан жарақат алған ер адам полицияға жүгінген. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, соттың шешімімен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылды.

Полиция бұл факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сонымен қатар жасөспірімнің заңды өкілдерін бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға да жолданған.

Комиссия жасөспірімнің әрекетіне себеп болуы мүмкін жағдайларды қарап, қосымша шаралар қабылдау мәселесін шешеді.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.