Қызылордада 72 жыл бұрын салынған демалыс паркі 6,3 млрд теңгеге жөнделген

5 179

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіҚызылордада жаңарған мәдени-демалыс паркі есігін балалар күніне орай айқара ашты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Балалардың күлкісіне толы 1 маусым – Балаларды қорғау күні Қызылорда қаласы үшін ерекше қуанышпен есте қалды. Осы айтулы күні Сыр бойында орналасқан қалалық мәдени-демалыс паркі күрделі жаңғыртудан кейін қайта ашылып, тұрғындарға есігін айқара ашты.

Тарихы тереңде жатқан бұл парк алғаш рет 1953 жылы бой көтерген. Бір кездері жекешелендіріліп, кейін 2008 жылы қайтадан халық игілігіне қайтарылған еді. Биылғы жылы «Bi Global» компаниясы паркті түбегейлі жаңартып, заманауи келбетке бөлеп шықты. Жобаға 6,3 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді.Фото: Қызылорда облыс әкімдігі

Кіреберіс қақпа алдындағы "Сыр батырлары" ескерткіші Тағзым алаңына лайықты орынға көшіріліп, оның орнына сәнді арка бой көтерді. Жаңа кеспетастар төселіп, парк толығымен жаңарған қоршаумен қоршалды. Демалыс аймағына бетонды скейтпарк, жиырмаға жуық түрлі аттракцион, балалар ойын алаңдары мен демалушыларға арналған кафе алаңдары салынды. Су сылдырымен жан сергітетін жаңа субұрқақтар бүкіл парк аумағына көрік беріп тұр.

Парк төрінен ашық аспан астында күнделікті мәдени іс-шаралар мен концерттер өткізуге арналған, жүз адамға арналған шағын амфитеатр да өз орнын тапты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.