Қызылордада қалалық мәслихат депутаттары И. Басықараев және М.Есжанов тұрғындармен кездесу өткізді

1 539

Қызылордада қалалық мәслихат депутаттары И. Басықараев және М.Есжанов тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:

    - Тоқмағанбетов көшесі №22  көпқабатты тұрғын үйдің ауласына кіре берісіндегі 2025 жылы асфальттанған жолдың ойылып қалуы, тұрғын үйдің суағарларының жарылуы және қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі кезінде көше жақ бетіндегі дүкендердің шатырларының тесілуі;

    - Тоқмағанбетов көшесі №17, 22 және Өсербаев №19 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан көлікжайларды (гараж) алып тастап, көлік тұрағын кеңейту;

    -   Тоқмағанбетов көшесі №22  және Өсербаев №19 көпқабатты тұрғын үйлердің ортасында орналасқан кәріз қақпағының (люк) дұрыс жабылмауы (аталған люкке 2 адамның құлап кету жағдайы орын алған).

      Депутаттар өз тараптарынан аталған мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, шешілуі бағытында депутаттық сауалдар жолданып, тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.