Жемқорлықтың түбі - жаза
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жеке құрамы № 68 мемлекеттік мекемесіне келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Басты мақсат - жемқорлықтың салдары қайда апарып соқтыратынын көрсетіп, олардың бұл індетке қарсылығын қалыптастыру.
Тергеу изоляторына келген шекарашыларды Режим және Күзет бөлімі бастығының орынбасары, әділет капитаны Ерлан Романкулов күтіп алып, алдымен мекеменің негізгі қызметі мен қамауда ұсталынатын азаматтардың жай-күйі жайылы айтып берді.
Одан соң, арнайы аймақтағы аралатып, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатын орындары мен асхана,кітапхана , монша, бос уақытын тиімді пайдалануға арналған спорт алаңы мен жатахана аумағындағы гүлзар алаңын көрсетті.
Жазасын өтеушілердің аппақ таза төсектері мен демалыс орындары,спорт саласындағы жетістіктері келушілерді таңқалдырды.
Теміртордың арғы жағында осындай жағдай болады деп ойламаппыз.
Әйтседе, ішкі тәртіпті бұзғаны үшін қамалатын карцер камерасының адам бойында үрей туғызатыны анық.
Мұнда әр азаматқа керекті негізгі жағдай жасалғанмен, бостандықтағыдай болмайтындығы анық.
Сондықтан,барша азаматтарды қылмыс жасамай, ел заңына бағынып өмір сүруге шақырамын- деді, капитан Темірлан Серікқалиев.
Ал шекарашыларды бастап келген жоғарыда аты аталған департаменттің тәрбие идеологиялық және кадрлар жұмысы бойынша бөлімінің аға офицері, майор Қайсар Қабылов:
Бүгінгі тергеу изоляторы басшылығымен бірлесе отырып өткізген іс-шарамызда қызметкерлеріміз - жемқорлыққа барған адамның жазаға тартылған жағдайда,алдында не күтіп тұрғандығын көзімен көріп, суық камералардың ызғарын сезініп қайтты.
Сондықтан жекеқұрамды қызметтік міндеттерін адал атқарып,асыра пайдаланбауы үшін, олардың өзіне жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, абыроймен жұмыс жасауға шақырамын.
Жемқорлықтың түбі –жаза екендігін ұмытпаңыздар демекпін.