ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 517

Облыс әкімдігіБүгінгі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы мәселелер қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жауапты министрлер «Әлеуметтік әмиян», «Отбасының цифрлық картасы», мектепке дейінгі ұйымдарды дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру барысы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.


Кеңес отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев талқыланған мәселелерге орай жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.


«Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесі 2023-2024 оқу жылында пилоттық жоба ретінде Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейіне енгізілген. Осы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ алушылардың автоматтандырылған есебін жүргізу үшін жүйеге 9-сыныптағы 18 бала тіркелген. Жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырамын. Қазіргі кезде оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкасын іске қосатын «Ақпараттық-бағдарламалық кешен» жүйесіне облыстағы 87 мектепті енгізу жоспарланған. Бұл мақсатқа 119 млн. теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау керек. Жаңа оқу жылынан аймақтағы 87 мектепке орнатылатын «Ақпараттық-бағдарламалық кешен» жүйесін «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен интеграциялау қажет, - деді аймақ басшысы.