Қызылордада заңсыз балық аулап жүргендер ұсталды

2 528

Фото: Polisia.kzҚызылорда полицейлері "Браконьер" іс-шарасы барысында заңсыз балық аулаудың 54 дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


1-29 ақпан аралығында облыс көлемінде "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты - табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу.

Жүргізілген рейдтік шаралар барысында полицейлер 73 құқық бұзушылықты анықтады, оның бесеуі қылмыстық іс және 68-і - әкімшілік құқық бұзушылық. Оның ішінде заңсыз балық аулаудың - 54 , балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың - 4, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың - 7, аңшылық қаруды сақтау ережесін бұзудың үш дерегі анықталды.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.