44 жастағы қызылордалық әйел егіз сәбиін сатып жіберген

275

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатқан күдікті әйел анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қызылорда облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады», - делінген хабарламада.


Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


«Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.