Қызылордалық жасөспірімге өгей әкесінің ағасы зорлық көрсеткен
Қармақшыда жасөспірім қыз өгей әкесінің ағасын “бірнеше рет төсек қатынасына тартып келді” деп айыптап отыр. Қазір полиция осы істі тергеп жатыр. Жәбірленушінің айтуынша, 58 жастағы ер адам ұйықтататын дәрі беру арқылы арам ойын іске асырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Жеткіншек 4 жыл бойы өгей әкесінің ағасынан зорлық көріп келгенін айтқан. Оның сөзінше, ер адам азғындық әрекетін ең алғаш рет өзінің көлігінде жүзеге асырған. Кейін бұл әрекет Қармақшы ауданындағы үйінде тағы екі рет қайталанған. Қыздың айтуынша, ер адам оған белгісіз дәрі беріп, оның ұйықтағанын күткен. Содан кейін арам ойын іске асырған.
Бұл жағдайды ести сала қыздың жақындары полицияға жүгінген. Алайда істің жалғасып, тергелуіне қыздың анасы қарсы болған.
Қазір 9-сынып оқушысы екі айдан бері жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал немересінің жағдайына алаңдаған нағашы атасы қылмыстық істің әділ жүргізілуін талап етіп отыр.
Полиция бұл жағдайға қатысты "Зорлау" бабымен тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Әлтайдың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арызданушы болған жағдайдың 2024 жылы болғанын айтқан. Қазір істің мән-жайы жан-жақты тексеріліп, сараптамалар тағайындалған.
Қазір қызға орталық мамандары көмек көрсетіп жатыр. Алайда жәбірленушінің атасы қыздың мекемеде емес, өз қолында өскенін қалайтыны жеткізді.
Қаз
Рус






