БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2 315
Фото: https://www.facebook.com/Қармақшы ауданында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қармақшы ауданы әкімінің жүлдесіне арналған шағын футболдан облыстық турнир өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жарыс қорытындысы бойынша I орынды – «Меншікті тілшілер» командасы, II орынды – «Сыр медиа» ЖШС командасы, III орынды – «Qyzylorda.tv» командасы жеңіп алды. Жүлдегер командаларға арнайы дәрежелік дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы»номинациялары бойынша марапаттар тапсырылды.
Жарысқа белсене қатысқан басқа командаларға да алғыс хаттар табысталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.