ШИЕЛІ КӨШЕЛЕРІНДЕ – ЖАҢА ЛЕП, ЖАҢА МАЗМҰН

1 473

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметіБүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге Шиелі кентіндегі көркейту, көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бақылау барысында Самара–Шымкент бағытындағы автожол бойындағы Исатай Әбдікәрімов көшесінде орнатылған көрнекі ақпараттық тақталар назарға ұсынылды. Бұл тақталар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел болашағына қатысты ұстанымдары мен маңызды үндеулерін қамтып, көшенің ажарын аша түсті.

Бұл бастама кент келбетін жаңартып, эстетикалық тұрғыдан көрікті етуге бағытталған.

Аралау барысында аудан ардагерлері атқарылып жатқан игі істерге өз ризашылықтарын білдіріп, аудан басшысына алғыстарын айтып, баталарын берді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметіШиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі