Қызылордада медбикені ұрған әйел сотталды

2 545

Фото: bureau.kzҚызылорда қаласының №2 соты жергілікті тұрғын әйелге қатысты қылмыстық істі қарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы дәрігердің қабылдауына кезексіз кірген. Оған ескерту жасалған соң, әйел мен медицина қызметкері арасында жанжал болған.

Жанжал барысында әйел медбикенің жағасынан ұстап, қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Оқиға амбулатория қызметкерлері мен куәгерлердің наразылығын туғызған.

Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.