ҚАРМАҚШЫДА «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

1 513

Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Тарихи-мәдени ескерткіштер мен киелі орындардың тазалығын сақтап, оларды келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізу мақсатында өткізілген игі шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, бөлім, мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар және еріктілер белсенді қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында аудан аумағындағы ескерткіштер, киелі орындар мен қорымдар маңында абаттандыру, қоқыстан тазарту, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қоршаулар ретке келтіріліп, айналаны көркейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жалпы ауқымды акция барысында аймағымызда 200-ге жуық қасиетті орын қамтылса, оның ішінде ауданымызда 45-ке жуық нысанда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2000-нан аса тұрғын белсенділік танытты.

Президентіміз атап өткендей: «Тазалық – тек қоршаған ортаның ғана емес, рухани мәдениеттің де көрінісі».

Өткенді құрметтеу – болашақты бағалау. Сондықтан ескерткіштерді қорғайық, тарихты сақтайық!


Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.