Қызылордада медбикені ұрған әйел сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда қаласының №2 соты жергілікті тұрғын әйелге қатысты қылмыстық істі қарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы дәрігердің қабылдауына кезексіз кірген. Оған ескерту жасалған соң, әйел мен медицина қызметкері арасында жанжал болған.
Жанжал барысында әйел медбикенің жағасынан ұстап, қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Оқиға амбулатория қызметкерлері мен куәгерлердің наразылығын туғызған.
Қаз
Рус






