Қызылорда қаласының орталық алаңы абаттандырылып, көркейе түспек

1 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жоспарлануда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыс орталығында демалыс орындары көбеюде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.


Сондай игілікті істердің бірі - орталық алаңда бастау алды. Яғни, «Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесін Желтоқсан көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейін, Ы. Жахаев көшесін Әйтеке би көшесінен Қорқыт ата көшесіне дейін абаттандыру» жобасына орай, мердігер мекеме «Техоснастка-ремсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарына кірісті.



Жоба бойынша субұрқақтары аумағына брусчаткалар, жолжиек тастар орнатылады. Жарықдиодты шамдар қойылып, газондар, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылады. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер орналастырылады. Ы.Жахаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.