Қызылордада Абай Құнанбаевтың 100 жыл бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды
Қызылордада Абай Құнанбаевтың осыдан 100 жыл бұрын басылған өлеңдер жинағы табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Өлкетанушы Жұмабай Байзақұлы жинақтың мазмұнын және онда Абайдың қанша өлеңі енгенін тізіп шыққан. Жалпы кітап төрт бөлімнен құралған. Бірақ, біраз парағы жыртылып, беттері түгел сақталмаған. Ғалымдар тарихқа сүйеніп, бұл жинақ 1922 жылы Қазан қаласында басылған деп болжап отыр.
Жалпы мұражай қорында әлі мазмұны ашылмаған парсы, шағатай, араб тілінде жазылған 200-ден астам кітап бар. Соның бүгінде 15-і ғана зерделеніп, аударылған. Мұнда 1800-ші жылдың аяғы мен 1900 жылдардың бас кезінде жарыққа шыққан қолжазбалары сақтаулы тұр.