Жаңақорғанда "Ауыл аманаты" партиялық жобасы аясындағы кездесу өтті
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Жаңақорған кентінде кездесу өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Төрағасы Арман Мажитов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаев қатысты.
Осындай кездесулер кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа мүмкіндіктерді саралап, бизнестерін одан әрі дамытуына зор мүмкіндік береді!
Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несие мүмкіндіктері жан-жақты түсіндіріліп, кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.







