Жаңақорғанда "Ауыл аманаты" партиялық жобасы аясындағы кездесу өтті

2 318

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігіМемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Жаңақорған кентінде кездесу өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Төрағасы Арман Мажитов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаев қатысты.

–«Ауыл аманаты» – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көзделген бірегей жоба. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында тігін цехпен айналысатын кәсіпкердің жұмыс орнымен танысып, өндіріс барысын көзбен көрді. Жергілікті өнімдердің сапасы мен өндіріс қарқыны оң бағаланып, аудандағы шағын және орта бизнестің дамуында айтарлықтай ілгерілеу байқалатыны атап өтілді.
Осындай кездесулер кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа мүмкіндіктерді саралап, бизнестерін одан әрі дамытуына зор мүмкіндік береді!

Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несие мүмкіндіктері жан-жақты түсіндіріліп, кәсіпкерлер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.