ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫНА БЕРІЛГЕН ЖАҢА ҮЙЛЕР ЖАҢБЫРДЫҢ СУЫНА ТӨТЕП БЕРЕ АЛМАУДА
Қызылордада жаңадан берілген үйлердің сапасы сыр бере бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылордада сырт келбеті келісті көпқабатты тұрғын үйлер жыл санап көбейіп келеді. Қолданысқа берілгеніне бірнеше ай болған көпқабатты үйдің шатырынан су кетіп жатыр. Жаңа салынған баспана тұрғындарды шарасыз күйге түсірген. Жаңбырлы күні төбеден аққан су астына шелектер қоюға мәжбүр. Тұрғындар салынған үйдің сапасыздығын алға тартып, әлеуметтік желіде жиі наразылық білдіруде. Естеріңізге сала кетсек, жаздыңгүні қатты желден шатыры ұшқан көпқабатты үйлердің бірі.
Астана-2 мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты қызыл үйлерің бірі жауған жаңбырдың суынан жүкті болып қалды дейді тұрғын.
Үйдің шатырынан аққан жаңбыр суы төменгі қабатқа дейін жеткен. Ал, қала әкімдігі мұны мердігер мекеме жою тиіс екенін айтады. Олар тез арада шатырды қалыпқа келтіру керек. Тіпті кәсіпкер тарапынан жөндеу жұмыстарын жүргізілуде деп сендіруде.
Жаңадан бой көтерген үйдің 4 және 5 қабаты көпбалалы аналарға арендалық тұрғын-үй есебінде берілген. Көп пәтерлі үйдің тұрғындары жылу маусымдығына дайын емес, үйімізде құбырлар жарылып жатыр деп налиды.
Жасыратыны жоқ, асығыс істелген шаруаның сапалы болатынына жұрт күмәнмен қарап отыр. Алайда атқамінерлер есігінен сығалатпай-ақ балаларымыздың ойын алаңын салып берсе игі еді дейді тұрғындар.