Қызылорда облысында есептегі азаматтар ұлттық ойыннан бақ сынады

1 504

Фото: ҚАЖДСырдария ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған спорттық шара өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Шараны Сырдария аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен "Сырдария Нұрдария" қоғамдық қоры және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Жарыс барысында қатысушылар асық атудан бақ сынап, мергендік пен ептіліктерін көрсеткен. 

Бұдан бөлек, арқан тартудан сынға түсіп, күш пен ұйымшылдықтарын байқатты. Тартысты өткен сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, ойын көркін қыздырды. Ұлттық ойындардыФото: ҚАЖД Фото: ҚАЖДнасихаттауды мақсат еткен шара қатысушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруына және өзара қарым-қатынасты нығайтуына мүмкіндік берді. 

Шараға қатысқан пробация есебіндегі азаматтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. 

"Бүгінгі жарыс бізге жақсы көңіл күй сыйлады. Асық атып, арқан тартып, өзара жарысып қана қоймай, бір-бірімізбен жақсы араластық. Осындай шаралардың жиі ұйымдастырылғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі спортпен айналысу адамды тәртіпке, ұйымшылдыққа баулиды", – деді ол. 

Мұндай шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.