Нұржан Ахатов мәжілісте өзекті мәселелерді талқылады
Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда егін жинау науқанының қорытындысы мен спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау барысы қаралды. Жиында көтерілген мәселелер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Биыл Қызылорда қаласында 8 мыңнан астам гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл - күріш 3 мың 354 гектарға егілді. Қиыншылықтарға қарамастан егінге аяқ су толық көлемді берілді. Қазіргі таңда жиын-терім талаптарға сай жүргізіліп, егін ысырапсыз жиналып алынды.
Сырдың бас шаһарында бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны жылдан жылға артып келеді. Аймақ басшысының қолдауымен спорт нысандары ашылып, тұрғындарға қажетті жағдайлар жасалуда.
Жиында күн тәртібінен тыс бірқатар өзекті мәселе талқыланды.
Қала әкімі жауапты сала басшыларына санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұйымдастыруды, жылу беру маусымында апаттық жағдайлардың алдын алуды, күннің суытуына байланысты барлық қажетті шараларды үйлестіруді тапсырды.







