Алматыда иесі итін таяқпен өлімші етіп сабап тастады

289

Фото: polisia.kzЗооқорғаушылар Алматыда иесі итін таяқпен өлімші етіп сабағанын хабарлады. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

Үй жануарына қатігездік танытқан тұрғын жайлы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі inucobo_kz парақшасында пайда болды. Жазба авторының сөзіне сүйенсек, иесі итті таяқпен ұрып-соққан, артынша оны үй қақпасынан шығарып тастаған. Жағдай көршілердің көз алдында өрбіген.

Алматы полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Құқыққорғаушылар бұл оқиғаға қатысты арызды көршісі тастағанын айтты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 316- бабы бойынша тіркелген. 

"Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілді. Өндіріс барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, шаралар қолданылады",- деді полиция департаментінде. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.