Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті
Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жаңақорған–Шалқия автожолы бойында «Таза өлке – ортақ жауапкершілік» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру,
тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру және аудан аумағын көркейту.
Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық белсенді жас пен «Жаңарған Жаңақорған жастары» ұйымының мүшелері қатысып, ауданға кіреберіс саналатын Жаңақорған–Шалқия автожолында айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жастар тазалық пен тәртіпті сақтау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетті.
Мұндай шаралар жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза орта – елдің көркі. Туған жерге жанашырлық тазалықтан басталады!
Қаз
Рус






