Қызылорда тұрғынының 2 млн теңгесін қолды қылған алаяқ ұсталды

407

фото: NUR.KZ/Петр КарандашовБелгілі болғандай, облыс орталығының тұрғыны үй иесінен "үйдің баспалдағын жасап беретініне" сендіріп, 2 миллион теңгеден астам ақшасын алған. Бұл оқиға былтыр болса да келісілген уәде орындалмаған. 


Үй иесі уәдесін орындамаған тұрғынның үстінен шағымданып, полицияға жүгінді. Шағым бойынша облыстық полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты "ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.


Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі т
ергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген. 
 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.