2,5 пайыздық несие: Қызылордада 342 жас кәсіпкер қаржыландырылды
Жұмыссыздықты жоюдың басты кілтінің бірі – жастарды кәсіпкерлік саласына бейімдеу, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осы бағытта елімізде бірқатар жоба жүзеге асуда. Жұмыссыз болып тіркелген 15 826 қызылордалық ұлттық жоба шеңберінде субсидияланған жұмыс орындарына жолданды. Одан бөлек, мемлекет бағдарламалар аясында кәсіп бастаған жастар жетерлік.
Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.
Биыл екінші тоқсанның қортындысымен өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,5 пайызға жетті. Жұмыссыздық жоюға 73 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 1545 адам тұрақты жұмыс тапса, 414 адам уақытша жұмыс орындарына орналасты.