Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны бастау алды

2 627

Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны бастау алған болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Акция 5 кезең бойынша өтуде. Әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ»  тақырыптық атаулары берілген.


28 сәуір - 4 мамыр аралығы “Өнегелі ұрпақ” апталығы болып белгіленген.  Мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, жалғызбасты қарттардың ауласын абаттандырып, тазалау жұмыстарын жүргізу.


Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағын жинау және абаттандыру шаралары өтті. 


Шараға басқарма мен орталық қызметкерлерімен қатар қызмет алушылар да белсене атсалысты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.