ЖАҢАҚОРҒАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 503

ЖАҢАҚОРҒАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан  «Горнодобывающая компания Хонда» кәсіпорнының өндірістік алаңында болып, компания басшылығымен кездесті. Кездесу барысында инвестициялық жобаның іске асырылу барысын, өндірістік қызметтің қазіргі ахуалын және кәсіпорынның алдағы даму жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында инвестициялық жобаны белгіленген мерзімдерге сәйкес сапалы жүзеге асыру, өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту үлесін арттыру, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Сонымен қатар, кәсіпорынның аудан экономикасын әртараптандыруға, инвестициялық әлеуетті арттыруға және әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге қосатын үлесі сөз болды.

Аудан басшысы жобаның аудан үшін стратегиялық маңызына тоқталып, инвестициялық міндеттемелердің сапалы әрі уақтылы орындалуы қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысымен тараптар инвестициялық жобаны одан әрі ілгерілету, өндірістік әлеуетті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.