Қызылордада екі ұялы телефонды нанға жасырып,түрмеге кіргізбек болған

2 566

Қызылорда облысындағы түрФото: polisia.kz/мелердің бірінде жақынына сәлемдеме әкелген азамат нанның арасына екі ұялы телефон салып, оны сотталушыға беріп жібермек болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сәлемдеме ұрлық фактісі бойынша сотталған адамға келіпті.

«Тексеру барысында ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері мен Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері нанның ішінен екі ұялы телефон тауып, тәркілеген. Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат әкелген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар жинақталып, сот қарауына жолданды», - деп хабарлайды полиция.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.