Қызылордада басқарма басшысы ұлының оқу ақысын кәсіпкерлерге төлеткен

2 225

Фото: forbes.kz/Дінмұхамед ӘбсаттаровҚызылорда облысында бұрынғы шенеунік кәсіпкерлерді ұлының оқуының ақшасын төлеуге мәжбүрлеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


“Ол ұлының оқуына ақы төлеу және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді”, – делінген хабарламада. 


Сонымен қатар шенеунікке өңірдегі кәсіпорындарының белгіленген мөлшерде сұйытылған газ алуын шектеп, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген айып тағылған.


Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынған. Қазір іс прокурорға жіберілді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.