Көлік жуу орындары үшін су тарифі еселеп көтерілуі мүмкін
Көлік жуу орындары үшін су тарифі еселеп көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қазақстанда жалпы су ресурстары көлемінің не бәрі 1,3 пайызы ғана ауыз суға пайдаланылады. Яғни, бұл 1,3 шаршы шақырым су деген сөз. Сараптама жасаған кезімізде шамамен 200 млн шаршы шақырым суды техникалық қызмет көрсету стансаларының автокөліктерді жууға шығындайтындығын анықтадық», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, ауыз суды басқа қажеттілікке пайдаланатындарға тариф көтерілетін болады.