Көлік жуу орындары үшін су тарифі еселеп көтерілуі мүмкін

1 595

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіКөлік жуу орындары үшін су тарифі еселеп көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазақстанда жалпы су ресурстары көлемінің не бәрі 1,3 пайызы ғана ауыз суға пайдаланылады. Яғни, бұл 1,3 шаршы шақырым су деген сөз. Сараптама жасаған кезімізде шамамен 200 млн шаршы шақырым суды техникалық қызмет көрсету стансаларының автокөліктерді жууға шығындайтындығын анықтадық», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Оның атап өтуінше, ауыз суды басқа қажеттілікке пайдаланатындарға тариф көтерілетін болады.

«Қазіргі уақытта біз Су кодексінде қандай да бір аралық норма қарастырғымыз келеді. Әзірше нақтылаған жоқпыз, талқылап жатырмыз. Техникалық қызмет көрсету стансаларында ауыз суды пайдаланатын кәсіпкерлер белгілі бір уақыт аралығында автомобиль жууға қолданған суды тазалайтын жабдық орнатуы тиіс. Яғни, суды қайтадан пайдалануы қажет. Екінші мәселе – тариф бойынша шешеміз. Демек, ауыз суды басқа қажеттілікке пайдаланатындарға тариф әлдеқайда жоғары болады», - деді Нұржан Нұржігітов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.