АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ЖӘНЕ А.ТОҚМАҒАНБЕТОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2 106

Фото: Сырдария ауданының әкімдігіАудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінің және А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Халықты толғандыратын әлеуметтік, проблемалық мәселелерін шешу мақсатында өткізіліп жатқан есепті кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, халық қалаулылары, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Аудан басшысы кездесуде аймақ бойынша және ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын І санатты жолға айналдыруға шешім қабылданды. «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының 216 шақырымы жөнделуде. Облыс орталығы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орындық 21 мектеп салынуда. Өткен жылы 10 мектептің құрылысы басталса, биыл 11-нің құрылысы жүргізіледі. Оның 1-уі аудан орталығында бой көтереді. «Болат Өтемұратов» қорының қолдауымен 17 млрд. теңгеге жуық қаржыға «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы халықаралық талаптарға сай етіп салынды. Ғимарат жақын арада пайдалануға берілмек. «Руханият жылы» аясында жалпы құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары барлық аудан орталықтарында салынып, пайдалануға беріледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында құны 11 млрд теңгені құрайтын 27 нысан салынуда. Өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Жалпы, барлық сала бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылып, елді мекендерді газдандыру, электр желілерін қайта жаңарту, су құбырларын жаңғырту, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Биыл А.Тоқмағанбетов елді мекенінде табиғи газға қосылады. Ал Тереңөзек кентінде «Тағзым» алаңы мен А.Иманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулалары жаңғыртылуда. Сондай-ақ, кентке кіреберісте «Жастар аллеясы» құрылысының жұмыстары басталды. Бірқатар көшелердің су құбырлары жаңартылуда және ағымдағы жылы аудан орталығында 7 көше күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Оған қоса, тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылыс да жүргізілуде.

Тұрғындар өз кезегінде ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, инфрақұрылымдық салаларға қатысты ұсыныс пікірлетін айтты. Аудан әкімі көтерілген мәселелерге байланысты жауаптар беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.