АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ЖӘНЕ А.ТОҚМАҒАНБЕТОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінің және А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Халықты толғандыратын әлеуметтік, проблемалық мәселелерін шешу мақсатында өткізіліп жатқан есепті кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, халық қалаулылары, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.
Аудан басшысы кездесуде аймақ бойынша және ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Биыл А.Тоқмағанбетов елді мекенінде табиғи газға қосылады. Ал Тереңөзек кентінде «Тағзым» алаңы мен А.Иманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер аулалары жаңғыртылуда. Сондай-ақ, кентке кіреберісте «Жастар аллеясы» құрылысының жұмыстары басталды. Бірқатар көшелердің су құбырлары жаңартылуда және ағымдағы жылы аудан орталығында 7 көше күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Оған қоса, тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон құрылыс да жүргізілуде.
Тұрғындар өз кезегінде ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, инфрақұрылымдық салаларға қатысты ұсыныс пікірлетін айтты. Аудан әкімі көтерілген мәселелерге байланысты жауаптар беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Қаз
Рус






