Еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауытында жұмысшы қайтыс болды

307

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

24 тамыз күні сағат 16.00 шамасында Теңізде оқыс оқиға орын алып, салдарынан жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ақпарат Petrocouncil.kz Telegram-арнасында жарияланды.

Фото: Petrocouncil.kzМәліметке сүйенсек, ірі мұнай өңдеу зауыты "Теңізшевройл" ЖШС-ның қосалқы мердігері Infra Del Project жабдықтың герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргізген. Шлангтардың бірі жүктемеге төтеп бере алмай, жұмысшыға соғылған. Қызметкер қайтыс болды.

"Теңізшевройл" компаниясы ресми түсініктеме дайындап жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Теңізде бұған дейін жұмысшылардың өлімі тіркелген еді. 2022 жылдың 6 шілдесінде құрылыс алаңында гидравликалық сынақтар кезінде жарылыс болып, үш адам жарақат алып, екі қызметкер қаза тапқан.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.