Әуежайдан 223 дана iPhone 18 телефонын заңсыз алып өтпек болғандар анықталды

1 500

Фото: МККАстана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай — Астана» кеден бекетінің қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 фактісінің жолын кесті. Барлығы 223 дана  iPhone 18 смартфоны және 10 AirPods сымсыз құлаққабы анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушылар 223 iPhone-ды кеденнен жасырын өткізбек болған.

— Кедендік бақылау барысында жолаушылардың багажында көп мөлшерде мобильді құрылғыларды «жасыл дәліз» арқылы, яғни кедендік декларацияны ұсынбастан алып өткені анықталды. Атап айтқанда, бір жағдайда жолаушы багажында бірден 50 смартфонды әкелуге әрекет жасаған. Бұл жеке тұлғаның кедендік төлемдерді төлемей және декларацияламай, жеке пайдалануға арналған тауар ретінде алып өтуіне белгіленген мөлшерден едәуір асып түседі. Анықталған фактілер бойынша 4 тұлғаның жеке кәсіпкер мәртебесі болғаны, тағы 4 тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей тауар әкелгені анықталды, — дейді департамент мамандары.

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде заңнамада белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты өлшемшарттарды ескеру қажеттігін еске салады. Ұялы телефондарға қатысты жеке тұлғаларға бір адамға 2 смартфоннан артық емес мөлшерде алып өтуге рұқсат етіледі.

— Егер өткізілетін тауарлардың саны немесе сипаты жеке пайдалануға арналған тауарларға белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмесе, олар кедендік декларациялауға және тиісті кедендік рәсімдеуге жатады. Анықталған мобильді құрылғылар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Анықталған фактілер бойынша заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып жатыр, — деді олар.

Тиісті талаптар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы — жеке тұлғалар өткізетін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері» бұйрығымен белгіленген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.